Алматылықтар құрамында сынабы бар шамдарды, медициналық қалдықтарды қайда тапсыра алады?
Алматыда өткен жылы құрамында 12 мың тоннадан астам сынап бар аспаптар мен бұйымдарды қайта өңделді. Мегаполисте қала тұрғындары қауіпті қалдықтарды тапсыра алатын бірқатар кәсіпорындар бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің өкілдері айтты.