Алматыда мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдар деректер алмаса алады
Алматыда биыл қаланың бірыңғай деректер базасы жобасы іске қосылады. Алматының Цифрландыру басқармасының деректерді басқару бөлімінің басшысы Аида Дәрменова өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде оның қандай АТ платформа екені және қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді.