Алматыда «Даму» қоры қолдаған үш кәсіпорынның жұмысы таныстырылды
Алматыда 6 қараша күні бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Оны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырды. Журналистер аспап жасау, медициналық жабдықтар мен қаптама өнімдерін өндіру салаларында жұмыс істейтін үш кәсіпорынға барып, мемлекеттік қолдаудың өндіріс орындарының дамуына қалай ықпал ететінін көрді.