«Қыш Кереметі – 2026» баспасөз туры: жылылыққа толы бастау
2026 жылдың 13–16 ақпан аралығында Қырғыз Республикасы Президентінің Нарын облысындағы Өкілетті өкілі Нұрбек Сатаровтың бастамасымен және Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен біз Нарын облысының аумағында өткен «Нарын – Кыш Керемети» атты баспасөз туры аясында іссапарға қатыстық. Бұл бастама өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.