Ат үстіндегі мінез: Алматыда QASQYR CUP ұлттық спортқа жаңа тыныс берді
Ұлттық спортты дәріптеу үшін міндетті түрде дәстүрлі жарыс форматымен шектелу керек пе? Алматыда өткен QASQYR CUP бұл сұраққа өзінше жауап берді. Бұл жолы ат үстіндегі аударыспақ алаңына кәсіби спортшылар ғана емес, блогерлер, медиа тұлғалар, айтыскерлер мен жекпе-жек спорттарының өкілдері шығып, өздерін мүлде басқа қырынан сынап көрді.