Алматыдағы бизнесті ынталандырып жатқан жоба
Қазақстанда 2023 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шағын өндірушілерге ойластырған дүниесін бизнеске айналдырып, жаңа нарыққа шығып, өндірісті кеңейтуге мүмкіндік беріп келе жатыр. Жобаның қалай өзгеріп жатқаны, кәсіпкерлерге қандай мүмкіндік беретіні мен Алматыда қандай табысты жобалар пайда болғаны туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында айтылды.