Алматыдағы мектептердің маңында сақшылықты күшейтеді
Жаңа оқу жылының алғашқы күндері Алматыдағы мектептердің маңында қауіпсіздік жағы күшейеді. Қарбалас кезде 700 полиция қызметкері мен 130-дан астам сақшылар экипажы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, жол қозғалысын реттеуге атсалыспақшы. Көлік қатынасы аса тығыз жерлерде инспекторлар жол қозғалысын қолмен реттеп, балалардың жолдан қауіпсіз өтуіне көмектеседі.