Алматының Алмалы ауданында көшені тазалау кестесі өзгерді
Алмалы ауданында абаттандыру мен қалалық ортаны күтіп ұстауға байланысты істелген жұмыстың аралық қорытындысы шықты. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындар дауыс берген 19 жоба жүзеге асып жатыр. Оның ішінде 11 аула аумағы мен 8 қоғамдық кеңістік бар. Бұған қоса, жөндеу бағдарламасы бойынша 38 аула жаңартылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі осы туралы баяндады.