Лондон өнер университетінің Creative Computing Institute ТМД елдерінде алғаш рет дәріс өткізді
30 қыркүйекте alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында «ЖИ, креативті цифрлық технологиялар және өнер» (AI, Creative Computing & Arts) тақырыбында дәріс өтті. Бұл — University of the Arts London құрамындағы Creative Computing Institute (CCI) институтының ТМД елдеріндегі алғашқы дәрісі.