Цифрлық сервистер Алматыны танудың жаңа мүмкіндігін ұсынады: жаңа қалалық гид сарапшылардың ұсыныстарын, мегаполис атмосферасын және заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін біріктірді

Алматыда саяхат, шабыт және күнделікті жаңа әсерлер үшін заманауи құрал пайда болды — Almaty Essentials авторлық жолсілтемесі. Бұл жоба қаланың шынайы болмысын сезінгісі келетіндерге арналған. Басылымда жергілікті сарапшылардың таңдаулы ұсыныстары, мәдени бағыттар, гастрономиялық жаңалықтар және Алматыны зерттеуді одан әрі ыңғайлы ететін цифрлық мүмкіндіктер біріктірілген.

Жаңа форматтағы қалалық гидтің тұсаукесері 17 шілдеде Алматыдағы Ботаникалық бақ аумағында орналасқан бірегей DOS Community кеңістігінде өтті. Қонақтарға жай ғана мекенжайлар жинағы емес, қаланың дәмін, ырғағын, мәдениетін және адамдарын танытатын толыққанды авторлық жоба ұсынылды.

19072026 2

Жобаның негізгі технологиялық серіктесі — Yandex Qazaqstan. Компанияның қолдауының арқасында дәстүрлі қағаз форматындағы жолсілтеме заманауи цифрлық мүмкіндіктермен толықтырылды.

Қаланы сезінуге көмектесетін технологиялар

Бүгінде қаламен танысу тек картадан басталмайды — ыңғайлы цифрлық құралдар да маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта Almaty Essentials Yandex Qazaqstan сервистерінің интерактивті мүмкіндіктерімен толықтырылды.

Кітаптағы QR-кодтар арқылы пайдаланушылар таңдаған орынға бағытты бірден құра алады. Ал Яндекс Іздеудегі Нейро көмегімен қызықтырған орындар туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар оқырмандарға Яндекс экожүйесіндегі арнайы топтамалар ұсынылады: Яндекс Музыкадағы «Алматымда» атмосфералық плейлисті, «Яндекс Кітаптардағы» Алматы туралы кітаптар жинағы және «Кинопоисктегі» қала жайлы фильмдер топтамасы.

19072026 3

Осылайша Алматыны тану қарапайым маршруттан шығып, мәдениет, музыка, тарих және технология тоғысқан толыққанды саяхат тәжірибесіне айналады.

«Алматы — ерекше атмосферасы бар, ғашық болуға болатын қала. Оның сұлулығы күнделікті ұсақ сәттерден байқалады: жақын маңдағы сүйікті кофехана, кешкі серуен, тауға апаратын таныс бағыт немесе маңызды сәттермен бірге жүретін музыка. Біз адамдарға қаланы жаңа қырынан ашуға көмектескіміз келеді. Ол үшін технологияларымыз бен сервистерімізді пайдаланып, Almaty Essentials жобасымен бірге Алматыны танудың жаңа тәжірибесін қалыптастырамыз», — деді Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.

Алматыны ішінен білетіндердің көзқарасы

Almaty Essentials жобасының идеясы журналист әрі редактор Мадина Аманға тиесілі. Оның айтуынша, бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарына ең үздік орындарды оңай табуға және сонымен бірге Алматының ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік беретін әмбебап гид жасау ниетінен туған.

Жолсілтемені дайындауға жергілікті авторлар, редакторлар және шығармашылық индустрия өкілдерінен құралған команда қатысты. Кітапта қаланы ішінен білетін адамдардың ұсыныстары жинақталған: танымал орындардан бастап, көпшілік біле бермейтін серуендеу бағыттары мен демалыс орындарына дейін.

19072026 4

Басылымда гастрономия, өнер, театр, кино, әдебиет, спорт, шопинг, қоғамдық кеңістіктер, қонақүйлер және таулы бағыттарды қамтитын 15 тақырыптық бөлім бар.

Кітаптағы ерекше орын гастрономиялық бағытқа берілген. Бұл — ең көлемді бөлімдердің бірі. Мұнда таңғы асқа арналған жайлы орындар, достармен кездесуге қолайлы мекендер, іскерлік кездесулерге арналған орындар, кешкі ас пен Алматының заманауи мейрамхана мәдениетімен танысуға арналған ұсыныстар жинақталған.

Авторлық көзқарас пен цифрлық экожүйенің үйлесімі

Almaty Essentials жобасының басты мақсаты — Алматыны жанды қала ретінде көрсету. Мәтіндер, иллюстрациялар, дизайн және қосымша цифрлық сервистер арқылы жолсілтеме қаланың дәстүр мен заманауи өмір салты үйлескен ерекше бейнесін қалыптастырады.

Басылым қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Ал ағылшын тіліндегі нұсқасы 2026 жылдың күзіне жоспарланған. Ықшам А5 форматы, бөлімдер бойынша ыңғайлы түстік навигация және жазба жасауға арналған беттер кітапты серуен кезінде алып жүруге және қаланы өз бетімен зерттеуге қолайлы етеді.

Yandex Qazaqstan серіктестігінің арқасында жоба жергілікті сараптаманы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен біріктіріп, жаңа буын қалалық гидін ұсынды.

Almaty Essentials жолсілтемесі жақын арада «Меломан» дүкендер желісінде сатылымға шығады.

Назира Бурханова