Ұлттық орталық музейде Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығына арналған көрме өтеді
2026 жылғы 11 қарашада сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі, белгілі режиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Абдолла Қарсақбаев – қазақ киносының құлагері» атты көрме ұйымдастырылады. Мерейтойлық шара ЮНЕСКО аясында аталып өтуде.