«Астана Балет» театры Қостанайлық көрерменді тәнті етті
12-14 қыркүйек аралығында Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының сахнасында «Астана Балет» театрының гастрольдік көрсетілімі өтті. Қатарынан екі кеш Қостанай тұрғындары әлемдік классика жауһарларын, заманауи қойылымдар мен ұлттық хореографияның жарқын үлгілерін тамашалады.