Алматыда өнеркәсіптік кәсіпорындар экологиялық бақылауды күшейтіп, осы заманғы стандарттарға көшіп, ластайтын заттарды азайту мақсатында ең озық технологияларды енгізіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарланды.

«Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС экология бөлімінің бастығы Айзура Айтымова зауыттың индустриялық аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін қандай шешімдерді қолданып жатқанын айтып берді.

Оның айтуынша, кәсіпорындағы барлық өндірістік жұмыс табиғатты қорғау талаптарына сай жүзеге асады. Лак-бояу материалдарын жағу цехтарында толықтай герметикалық камералар қолданылып, онда ауаны тазарту гидрожабын (гидрозавеса) принципі бойынша жасалады. Мұндай жүйе бөлшектер мен шаңды 92 %-ға дейін ұстап қалады: ластанған ауа турбулентті ағынмен, сумен араласып, бөлшектер тұнады да, содан кейін тазартылған ауаны шатырдағы желдету жүйесі арқылы сыртқа шығарып отырады.

Өндірісте қолданылған судың барлығы коагуляциядан, pH деңгейін реттеуден бастап, сүзу мен шламды бөлуге дейінгі көпсатылы тазартудан өтеді. Зауытта бірнеше жергілікті тазарту жүйесі жұмыс істейді, онда суды тазартады, тексеріп, қайта айналымға жібереді немесе қауіпсіз түрде қалалық кәрізге бағыттайды. Шлам мен басқа да қалдықтарды герметикалық ыдыстарда жинап, арнаулы ұйымдарға кәдеге жаратуға береді.

Шанақты дайындау учаскелерінен, катафорездік ґрунттау желілерінен және өндірістің басқа да кезеңдерінен шығатын ағындар алты деңгейлі тазартудан өтеді. Қосымша қолданылатын флотациялық қондырғы ластаушы заттарды бөліп, суды мөлдір етіп шығарады. Тұнба сусыздандырылып бөлек шығарылып, тазартылған ағынды қалалық жүйеге жібереді сосын. Мұндай жүйе қоршаған ортаны тазармаған қалдық сумен былғауға жол бермейді.

Зауытта қалдықтар арнаулы компаниямен бірлесіп сұрыпталады. «Цифрлық жасыл кеңсе» бағдарламасы іске қосылған. Кеңселердегі қоқыс жәшіктері алынып тасталды, қызметкерлер пластикті арнаулы фандоматтарға апарып тапсырады. Зауыт аумағына осы заманғы суару жүйесі орнатылған, екі мыңнан астам биік діңді ағаш егілген, бұл индустриялық аймақтың микроклиматын жақсартуға септеседі. Техникалық қажеттілік үшін айналмалы су жүйесі мен градирнялар пайдаланылып, жасыл-желекті зауыттың ұңғымасынан алған сумен ғана суарып отырады.

Айзура Айтымова жүйелі экологиялық жаңғырту зауытқа қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтып, Алматыдағы барлық ірі өндірістік нысандарда біртіндеп енгізіліп жатқан Экологиялық кодекстің жаңа талаптарына сай болуға мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ