ЗАҒИП ЖӘНЕ НАШАР КӨРЕТІН КЕЛУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «САУСАҚ ҰШЫНДАҒЫ ӨНЕР» ТАКТИЛЬДІ КАРТИНАЛАР КӨРМЕСІ
16 мамыр күні, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Халықаралық музейлер күніне орай зағип және нашар көретін келушілерге арналған жаңа инклюзивті жоба – «Саусақ ұшындағы өнер» тактильді картиналар көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.