«Соңыра»: өзгелердің өмірін құтқарып жүріп, өз тағдыры үшін күрескен жандар туралы фильм
17 қарашада Алматы қаласында режиссер Дархан Кариповтың «Соңыра» атты жаңа көркем фильмінің арнайы көрсетілімі өтті. Драмалық туынды өрт сөндірушілердің кәсіби қызметімен қатар, олардың жеке өмірін, отбасылық мәселелерін, ішкі күйзелістері мен адамдық қарым-қатынастарын арқау етеді.