«Таңғажайып Қытай: Шыңжаң өнері мен сұлулығы» көрмесі Қазақстанда ашылады
2025 жылғы 27 тамыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Бүкілқытайлық мәдениет және өнер қызметкерлері қауымдастығы және ШҰАР мәдениет және өнер қызметкерлерінің қауымдастығы бірлесіп, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районының құрылғанына 70 жыл толуына орай ҚХР суретшілерінің «Таңғажайып Қытай: Шыңжаң өнері мен сұлулығы» атты көркем фотосурет пен өнер туындылары көрмесін ашады.