Almaty Museum of Arts: бір жылда 460 000-нан астам қонақ және халықаралық аренаға шығу
12 қыркүйекте Almaty Museum of Arts (ALMA) өзінің бір жылдығын атап өтеді. Он екі ай ішінде музей 460 000-нан астам қонақ қабылдап, ірі көрме және зерттеу жобаларын жүзеге асырды, халықаралық серіктестіктер аясын кеңейтіп, Алматының мәдени инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналды. ALMA жұмысының екінші жылына жаңа көрме бағдарламасымен, халықаралық мәдени мекемелермен жасалған ұзақ мерзімді келісімдермен және коллекцияға қосылған құнды жаңа туындылармен бірге қадам басып отыр.