Аққулы ауылында «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» жобасының алғашқы концерті өтті
2026 жылғы 21 мамыр күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Halyk Bank демеушілігімен жүзеге асырылып жатқан «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» республикалық мәдени жобасы аясындағы гастрольдік сапарын бастады. Жобаны ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы жүзеге асыруда.