2025 жылдың 17 қыркүйегі, сағат 14:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі Біріккен ядролық зерттеулер институтының 70 жылдығына арналған «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» халықаралық ғылыми конференциясының аясында «Археологиядағы пәнаралық интеграция» көрмесін өткізеді.
Көрмеде алғаш рет әртүрлі жаратылыстану ғылымдарының әдістерін археологиялық зерттеулерге интеграциялау нәтижелері, осы үдерістің ғылыми практиканың дамуына әсері, сондай-ақ адамзат тарихын жан-жақты түсінуге қойылатын қазіргі ғылыми талаптар ұсынылады. Сонымен қатар, археология саласындағы пәнаралық зерттеулерге деген қызығушылықтың артуы көрсетіледі.
Зерттеулердің пәнаралық интеграциясы артефактілерді ғылыми тұрғыда құжаттауға, музейлік экспозицияларға дайындауға, сондай-ақ археологиялық және музейлік материалдармен заманауи жоғары технологиялық деңгейде жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл – ғылыми талдау, қалпына келтіру, көшірмелер жасау және мәдени мұра объектілерін кеңінен насихаттау секілді маңызды бағыттарды қамтиды.
Көрмеде отандық және шетелдік ғалымдардың, жоғары білікті мамандардың ғылыми-зерттеу материалдары ұсынылады:
Ядролық физика – Назаров Қ. М., Мұхаметұлы Б., Кенесарин М. – PhD докторлары (ҚР ЭМ Ядролық физика институты РМК, Алматы, Қазақстан және Біріккен ядролық зерттеулер институты, Дубна, Ресей);
Палинология – Нигматова С. А., геология ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының мезозой және кайнозой зертханасының меңгерушісі;
Трасология – Ержанова А., PhD, жетекші ғылыми қызметкер (А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты);
Матаны зерттеу және костюмді қайта қалпына келтіру – тарих ғылымдарының докторы З.В. Доде (Ставрополь өлкесінің Мәдениет министрлігінің «Наследие» ЖБК, Ресей Федерациясы, Ставрополь қ.);
Маталарды технологиялық зерттеу – СІЕТА (Халықаралық ежелгі тоқыма зерттеу орталығы) және TSA (Америка Тоқыма қоғамы) анықтаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілді;
Маталарды зерттеу және қалпына келтіру – Крупа Т.Н., археолог-реставратор («YMAI» Халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасы, Margulan Centre, Павлодар педагогикалық университеті);
Қалпына келтіру және консервациялау – Қырым Алтынбеков, суретші-реставратор, «Остров Крым» ЖШС ғылыми-реставрациялық зертханасының негізін қалаушы;
Генетикалық зерттеулер – Мусралина Л.З., ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Жалпы генетика және цитология институты» палеогенетика және этногеномика орталығының аға ғылыми қызметкері;
Күлтөбе қорымынан табылған сырғаларды зерттеу – Салтанат Әмір, ғылыми зерттеулер департаменті (Британ музейі, Лондон, Ұлыбритания).
Көрменің басты мақсаты – келушілерді жаратылыстану ғылымдарының әртүрлі әдістерін қолдана отырып, әлемдік тарихи және мәдени мұраны зерттеу нәтижелерімен таныстыру.
Экспозициялық материал сегіз ақпараттық кешен түрінде ұсынылады:
I – (б.з.д. IV ғ. – б.з.д. III ғ.)
Керамикалық ыдыстарды нейтрондық томография әдісімен зерттеу кешені. Материалдар: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек қорымы; Райымбек ауданы; Майбұлақ III қорымы (Алматы облысы).
II – Металл артефактілердің нейтрондық радиографиясы және томографиясы:
Қола айна – Ақтерек қорымы, №7 жерлеу орны;
Қылыш – Шірік Рабад қалашығы, №1 нысан, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы.
III – Трасологиялық зерттеу:
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сарытоғай елді мекенінен алынған еңбек құралдары коллекциясы.
IV – Археологиялық маталарды зерттеу:
Алматы облысы, Ақтерек қорымы мен Шеңгелді жерлеу орнынан табылған материалдар.
V – Археологиялық нысандарды зерттеу, консервациялау және қалпына келтіру:
Ақтерек қорымы, №7 қорғандағы жерлеу орнын монолит әдісімен алу (Алматы облысы).
VI – Археогенетика ғылымы аясындағы генетикалық зерттеулер (палеогенетика).
VII – Палинологиялық зерттеу:
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақтерек және Қараешкі қорымдарындағы археологиялық нысандар.
VIII – Спектрлік талдау және археологиялық артефактілердің жасалу техникасын зерттеу.
Сонымен қатар, көрмеде ғылыми-көмекші экспозициялық материалдар – карталар, археологиялық ескерткіштердің орналасу схемалары, фотосуреттер, реконструкциялар және басқа да визуалды деректер ұсынылады.