Жуырда Алматы қаласында «Халык-Life» АҚ-ның 20 жылдығына және өмірді сақтандыру тақырыбын жариялайтын журналистердің жыл сайынғы конкурсының қорытындыларын жариялауға арналған пресс- конференция өтті. Бұл мерейтой өткен жолды саралап, қазіргі нәтижелерді бағамдауға және алдағы даму бағыттарын айқындауға маңызды кезең болды. Іс-шараға «Халык-Life» АҚ Басқарма Төрайымы Лариса Зданович, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) және Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорының (СТКҚ) өкілдері қатысты. Сонымен қатар, компанияның тыныс-тіршілігі туралы жан-жақты ақпарат айтылды.

Жиырма жыл ішінде Halyk-Life жас нарық қатысушысынан оның негізгі көшбасшыларының біріне айналды. Пресс- конференцияда компанияның 2025 жылдың 9 айындағы қаржылық көрсеткіштері ұсынылды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша «Халык-Life» АҚ өмірді сақтандыру нарығындағы жетекші позицияларын сақтап келеді және активтер көлемі, сақтандыру резервтері, меншікті капитал және таза пайда бойынша бірінші орынды иеленеді. Сондай-ақ спикерлер Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығының динамикасы мен даму перспективаларын талқылады.

Жинақтаушы өмірді сақтандыруды кепілдендіру тақырыбына ерекше назар аударылды. Компания өкілдері заңнамалық өзгерістерге сәйкес 2025 жылдың 30-шы тамызынан бастап жинақтаушы өмірді сақтандырудың барлық түрлері, СТКҚ сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесіне енгізілгенін атап өтті. Бұл клиенттердің қаражатын қосымша қорғауды қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді сақтандыру өнімдеріне деген сенімді айтарлықтай арттырады – бұл компанияның 20 жылдық даму контексінде аса маңызды сегмент.

Halyk Life 2

«Халык-Life» АҚ Басқарма Төрайымы Лариса Зданович ағымдағы жылдың қызмет нәтижелері туралы айтып, мерейтойлық жылдағы компанияның тұрақтылығын, кемелдігін және клиенттердің жоғары деңгейдегі сенімін тағы бір мәрте дәлелдегенін ерекше атап өтті.

«Сақтандыру – бұл тек сақтандыру оқиғасы орын алған кездегі қорғаныс емес. Бұл ең алдымен болашақтағы қаржылық тұрақтылықты қалыптастыру құралы. Оң сценарий болған жағдайда клиент қосымша табыс алып, сонымен қатар сақтандыру қорғанысын сақтайды», – деді Лариса Зданович.

«Сақтандыру компаниясын таңдағанда оның сенімділігіне, капитал деңгейіне және рейтингтеріне назар аудару маңызды. Халықаралық рейтинг агенттігі S&P Halyk-Life компаниясына BBB+ рейтингін берді, бұл компанияның тұрақтылығы мен қаржылық тәртібін растайды. Біз ірі қаржы тобының құрамындамыз, бұл біздің тұрақтылығымызды күшейтеді. Жинақтаушы бағдарламалардың, СТКҚ кепілдендіру жүйесіне енгізілуі, клиенттерге заңмен көзделген қосымша қорғаныс деңгейін ұсынады», – деп атап өтті компания басшысы.

Журналистер нарықтың ағымдағы үрдістері, заңнамадағы өзгерістер, жинақтаушы бағдарламаларды кепілдендіру ерекшеліктері және Қазақстандағы өмірді сақтандыру саласының стратегиялық даму бағыттары туралы сұрақтарына жауап алды.

Іс-шара аясында өмірді сақтандыру өнімдері туралы материалдар жазатын журналистердің жыл сайынғы конкурсының жеңімпаздарын марапаттау өтті. Компанияның мерейтойлық жылында бұл конкурс ерекше мәнге ие болды. 2025 жылы 4 номинация бойынша 12 журналист лауреат атанды, олардың бесеуі Алматыдағы пресс-конференцияда марапатталды.

«Халык-Life» АҚ қаржылық мәдениетті дамытуға және халықтың сақтандыру сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін конкурсқа қатысушылардың барлығына алғыс білдірді.

Ресми бөлімнен кейін БАҚ өкілдері үшін интерактивті ұтыс ойыны мен тақырыптық викторина ұйымдастырылды.

Halyk Life 3

Компания туралы:

«Халык-Life» АҚ – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасындағы өмірді сақтандыру нарығының жетекшісі.
Компания 2006 жылдан бері жұмыс істейді (лицензия № 2.2.12, 2022 жылдың 28 желтоқсаны).
Компанияның негізгі бағыты – жинақтау компоненті бар өмірді сақтандыру бағдарламаларының кең спектрін және клиентке жеке көзқарасты ұсыну.
«Халық-Life» АҚ өз қаржылық тұрақтылығын халықаралық рейтингтік бағалауымен растайды: S&P Global Ratings қаржылық тұрақтылық рейтингі «BBB-/kzAAA», болжам «Тұрақты»; A.M. Best рейтингі «B++/bbb».
Компанияның филиалдық желісі Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан 20 филиалды және 8 өкілдікті қамтиды, бұл ел бойынша кең клиенттік аудиторияға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Назира Бурханова