Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы жеке орындаушылардың 90-шы концерттік маусымының ашылуына шақырады.
Филармонияның концерттік жаңа маусымының ашылуына орай, 2025 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында концерт өтетінін хабарлаймыз! Кеште филармонияның жетекші солистері өнер көрсетіп, тыңдарманға ұмытылмас музыкалық әсер сыйлайтын болады. Арнайы бағдарламада тыңдарман назарына виртуозды музыканттардың орындауындағы әлемдік классика мен дәстүрлі музыканың жауһарлары ұсынылады.
Орындаушылар:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Гүлжан Өзенбаева (фортепиано), Аида Аюпова (скрипка), Гүлнара Құрамбаева (фортепиано), Ермек Құрманаев (виолончель),
Мәдениет қайраткері - Ержан Әлімбетов (домбыра), Мәдениет саласының үздіктері: Мақпал Қазыбекқызы (дәстүрлі ән), Мұса Керімбаев (виолончель), Әділ Несіпбаев (орган, фортепиано), халықаралық байқаулардың лауреаттары: Еркебұлан Сапарбаев (скрипка), Динара Базарбаева – Сахаман (скрипка), Майа Сепп (фортепиано), Жанқожа Аяпов (дәстүрлі ән), Біржан Бәзілжан (дәстүрлі ән), Федор Артамонов (виолончель), Салауат Кәрібаев (виолончель).
Концерттік бағдарлама жанрлық әртүрлілігімен, көркемдік мазмұнымен және ұлттық пен әлемдік классиканың үйлесімімен ерекшеленеді. Тыңдарман қауымға скрипка мен фортепианоға арналған туындылармен қатар, халық әндерінің өңделген нұсқалары, камералық шығармалардың үздік үлгілері ұсынылады.
Бағдарламада:
- Қаз.хал. әні – «Ақбақай» (өңд. Ә.Әбдінұров)
- Д.Поппер – «Концерттік полонез»
- Ю. Кленгель – «Скерцо»
- Н.Меңдіғалиев – «Домбыра туралы аңыз»
- П,Сарасате - «Цапатеадо»
- Г.Өзенбаева - Прелюдия және фуга
- Е.Шәкеев – «Күт мені»
- П.Чайковский – «Ленскийдің ариясы» виолончель және фортепианоға өңделген
- Ү.Ыбырай - «Гәкку»
- Дина – «Науысқы»
- М. Ержанов - «Сайра бұлбұл»
- А.Жайымов – «Ереуiл атқа ер салмай»
- Ж.Масне – «Размышление»
- И.С.Бах – «Токката және фуга ре минор»
- М.Равель – «Игра воды»
- Қаз.хал. әні – «Екі жирен»
Дәстүрлі музыка мен қазақстандық композиторлардың шығармаларын дәріптеу филармония солистерінің 90 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан музыкалық саясатының басты ұстанымы. Осы мақсатта қара шаңырақта Дина Нұрпейісова, Әміре Қашаубаев, Қали Жантілеуов, Мүсілім және Рашид Абдуллиндер, Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұлова, Жамал Омарова, Жүсіпбек Елебеков, одан бері Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Майгүл Қазтуғанова сынды қазақ өнерінің қаймақтары қызмет атқарды. Бүгінде олардың ізін жалғап, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген, Нұрғали Нүсіпжанұлы бастаған солистеріміздің де қатары аз емес. Классика мен дәстүрлі музыкада дайындалған ерекше бағдарламада өтетін кеште филармонияның барлық көрерменін асыға күтеміз!