«Астана Балет» XIII театр маусымын «Бейбарыс сұлтан» балетімен ашады
29-30 тамызда «Астана Балет» театрының ХІІІ маусымының шымылдығы «Бейбарыс сұлтан» спектаклімен ашылады. Тарихи-драмалық шығарманы тамашалаған көрермен қауым көркем хореография өрнегі, музыка мен өткен дәуір атмосферасы үйлесім тапқан туындыға куә болады. Жаңа маусымның ашылуы кезекті театр жылнамасы ғана емес, бұл шараға театр ұжымы бір кісідей ат салысып, бар өнерін паш етпек.