Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Аламәт» продюсерлік орталығы және «Shabnam» ұйғыр креатив әйелдер республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 2025 жылғы 21 тамыз күні сағат 11:00-де «Бір шаңырақ астында» іс-шарасын өткізеді. Шара  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Іс-шара аясында этномәдени бірлестіктер мен түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары, киімдері, өнері мен этнографиялық жеке коллекцияларынан көрмелер, сондай-ақ концерттік бағдарламалар ұсынылады. Қазақ, ұйғыр, өзбек, қарақалпақ, дүнген, әзірбайжан этностары өздерінің мәдени мұрасын көпшілікке таныстырады.

Шараның басты мақсаты – этносаралық бірлік пен достықты нығайту, мәдени алуан түрлілікті дәріптеу, өзара құрмет пен түсіністікті арттыру.