Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай нумизматикалық мұра көрмесі ашылады
Ағымдағы жылдың 12 қарашасы күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Halyk Bank-тің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ НУМИЗМАТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАҒАЗ АҚШАЛАРЫ» атты көрме ашылады. Көрме 12-18 қараша аралығында өтеді. 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай ҚР Ұлттық орталық музейі мен Halyk Bank сағат 10:00-17:00 аралығында «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» акциясын өткізеді. Осы акция аясында еліміздің тұрғындары бірегей экспозициямен тегін таныса алады.