2026 жылдың 24 қарашасында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Орталық Азияның көшпелі мәдениеттері: дәстүрлер мен биоалуандылықты сақтау» атты фотокөрмесінің  салтанатты ашылуы өтеді.

Көрме Орталық Азияның көшпелі мәдениеттеріне, дәстүрлі мал шаруашылығына, жайылымдық ландшафттарға және өңірдің табиғи алуантүрлілігін сақтауға арналған халықаралық фотобайқау финалистерінің жұмыстарын біріктіреді. Фотосуреттер арқылы адам мен қоршаған орта арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан Орталық Азия халықтарының мәдени болмысының ажырамас бөлігіне айналған сан қырлы байланыс көрініс табады.

Өңірдің көшпелі мұрасы тек дәстүрлердің, әдет-ғұрыптар мен тарихи білімдердің байлығы ғана емес, сонымен қатар табиғатпен өзара әрекеттесудің ерекше жүйесі болып табылады. Маусымдық көші-қон, жайылымдық мал шаруашылығы, жер бедері, климат және табиғи ресурстар туралы білімдер қоршаған ортаға бейімделудің ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесін көрсетеді. Бұл тұрғыда жайылымдар тек шаруашылық жүргізетін аумақ қана емес, табиғи тепе-теңдіктің, мәдени мұраның және жергілікті қауымдастықтардың тіршілігінің маңызды негізі ретінде қарастырылады.

Көрмеге қойылған фотосуреттер малшылардың күнделікті өміріне, дәстүрлі тәжірибелерге, адам мен жануарлар арасындағы қарым-қатынасқа, табиғи ландшафттардың алуан түрлілігіне және маусымдық өзгерістерге назар аударады. Олар дәстүрлердің қазіргі әлемде қалай сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өзгермелі қоршаған орта жағдайында өз маңызын жоғалтпай келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, жайылымдық экожүйелердің биоалуандылығы, жануарлар дүниесінің байлығы және көптеген қауымдастықтардың тұрақты тіршілігінің негізі болып саналатын табиғи аумақтардың құндылығы айқындалады.

Көрмеде Қазақстаннан: Э. Багинская, И. Жұматова, Д. Ломако, Л. Маукенова, Э. Раянова, А. Шаповалов, К. Павленко, Р. Медеубеков, Э. Ваньцин,                              О. Стаценко; Қырғызстаннан: А. Абдыкаимова, А. Карамурзина, А. Жоробаев, К. Чороева, Д. Лукоянова, Н. Миронова, А. Никольская, А. Ниязалиева, А. Виденманн, О. Декерс,                      А. Пан; Тәжікстаннан: Р. Ахмадов, Н. Раджабов; Түрікменстаннан Э. Язов; Өзбекстаннан: М. Наджибаев сынды фотографтардың жұмыстары ұсынылған. Фотокөрме көрермендерді Орталық Азияның көшпелі мәдениеттерінің алуан түрлілігімен тереңірек танысуға, дәстүрлі білім мен тәжірибенің құндылығын бағалауға, жайылымдарды, мәдени мұраны және биоалуандылықты өзара байланысты ортақ құндылықтар ретінде түсінуге шақырады. Бұл мұраны сақтау және келер ұрпаққа жеткізу – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

Көрме 2026 жылдың 8 желтоқсанындейін жалғасады.

Жұмыс уақыты: 10:00 - 18:00.

Демалыс күні: дүйсенбі

Куратор: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің
 «Музей педагогикасы және экскурсиялық қызмет» бөлімінің қызметкері Болек А.А.