Евгений Брусиловскийдің 120 жылдығына арналған мерекелік концерт
2025 жылдың 4 қыркүйек сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында Қазақ КСР халық әртісі, алғашқы қазақ операларының, оркестрлік шығармалардың авторы, композитор Евгений Брусиловскийдің 120 жылдығына арналған концерт өтеді. Кеште Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қанат Омаров.