2026 жылғы 20 қыркүйекте сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н. Тілендиев атындағы Камералық залында көрнекті венгр композиторы әрі пианисі Ференц Листтің туғанына 215 жыл толуына арналған «Романтизмнің теңдесіз виртуозы» атты концерт өтеді.
Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанар Сүлейманова өнер көрсетеді.
Концерт бағдарламасында Ференц Листтің шығармалары орындалады.
Бірінші бөлімде «Саяхат жылдары» циклінің «Венеция және Неаполь» бөлімінен «Гондольера», «Канцона» және «Тарантелла», сондай-ақ «Петрарканың №123 сонеті» мен «№8 Венгр рапсодиясы» орындалады.
Концерттің екінші бөлімінде композитордың әйгілі си минор сонатасы шырқалады.
Концерт Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н. Тілендиев атындағы Камералық залында өтеді.