ELBook Club // AlmatyGallery «Менің Қазақстаным кадрларда... Біздің өміріміз жазу жолдарында...» жобасын ұсынады
2026 жылғы 30 шілдеде Ә. Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде фотоөнер мен әдебиетті тоғыстыратын бірегей жобаның ашылуы өтеді. Иә! Әдебиетті! Жаңа коллаборациялар, өнердің түрлі бағыттарының біртұтас көркемдікке ұласуы, өнер синтезі, перформанс ... Эльвина Краснованың бұл жобасын әртүрлі сипаттауға болады, бірақ оның басты идеясы мен түпкі мәні өте тереңде жатыр – мүлде бөлек, әртүрлі адамдарды, өнерге ұмтылған барша жанды өнер әлеміне баулып, оларды үлкен жобаның бір бөлігіне айналдыру!