Әскери-инженерлік радиоэлектроника мен байланыс институтына 31 шілдеге дейін құжат тапсыруға болады
Қорғаныс министрлігінің әскери-инженерлік радиоэлектроника мен байланыс институтында оқуға құжат қабылдап жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында институт бастығының орынбасары, полковник Ойрат Атыкенов оқуға түсудің қағидалары, сұранысқа ие мамандық пен әскери білім берудің артықшылығы туралы баяндады.