Наурызбай ауданында биыл жалпы ұзындығы 10,4 шақырым болатын 11 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Биыл жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 11 көшеде орташа жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар Ақжар шағынауданында жаңа жолдар салу жұмыстары жалғасуда», – деп толықтырды аудан әкімі Назира Тоғызбаева.
Ақжар шағынауданында жоспарланған 45,3 шақырым жолдың 36 шақырымына асфальт төселді. Қазіргі таңда жұмыстардың орындалу деңгейі 80%-ды құрайды. Жобаны желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, жыл басынан бері көше-жол желісін ағымдағы жөндеу аясында 25 мың шаршы метр жол жабыны жөнделді.
Бұдан бөлек, 195 жаңбыр қабылдағыш ауыстырылып, Әшімов және Үшқоңыр көшелерінде жалпы ауданы 2000 шаршы метр техникалық тротуарлар салынды.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі