Алматыда медициналық көмектің сапасына қатысты шағым азайды
Биылғы І тоқсанда Алматыда медициналық көмектің сапасына қатысты өтініш едәуір азайды. Алайда медициналық ұйымдар мен дәрілік заттардың айналымын бақылау күшейтіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша ондаған нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 18 миллион теңгеден асып түсті.