Наурызбай ауданында тұрғындарға арналған жаңа қоғамдық кеңістік қалыптастырылуда. Аумағы 1 гектарды құрайтын саябақ отбасылық демалысқа, серуендеуге және тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған.
Саябақ аумағында көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген. Мұнда 200 ірі ағаш, 85 қылқан жапырақты ағаш, 30 мың бұта және 1,5 мың раушан гүлі отырғызылуда.
Жаңа демалыс орнында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, орындықтар мен жарықтандыру жүйесі қарастырылған. Сонымен қатар аумақты күтіп ұстауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған суару жүйесі орнатылады.
Тұрғындардың демалысын ұйымдастыру үшін саябақта субұрқақ, «Отбасы» композициясы, перголалар және балаларға арналған ойын аймағы қарастырылған.
Жаңа саябақтың іске қосылуы аудан тұрғындары үшін жайлы демалыс ортасын қалыптастырып, абаттандырылған қоғамдық кеңістіктер санын арттыруға мүмкіндік береді.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі