Наурызбай ауданында Тастыбұлақ өзенінің бойында ұзындығы 1,4 шақырым болатын жаяу жүргінші аймағы қалыптастырылуда. Қазіргі таңда жұмыстардың 98%-ы аяқталған.
Жоба аясында өзен бойындағы аумақ ретке келтіріліп, жаяу жүргіншілер жолдары мен тротуарлар салынды. Аумақ көгалдандырылып, жарықтандыру жүйесі орнатылды. Тұрғындардың демалуына арналған шағын сәулет нысандары мен абаттандыру элементтері де қарастырылған.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін өзен бойындағы аумақ тұрғындардың серуендеуіне және демалуына арналған жаңа қоғамдық кеңістік ретінде берілмек.
Жобаны толық аяқтау желтоқсан айына жоспарланған.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі