Наурызбай ауданында тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында сыртқы жарықтандыру жүйесін дамыту жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі таңда аудан аумағында 26 438 жарық нүктесі бар. Сыртқы жарықтандыру желілерінің жалпы ұзындығы 524,3 шақырымды құрайды.

«Сыртқы жарықтандыру – тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысы үшін маңызды инфрақұрылым. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарды бірнеше аумақта қатар жүргізіп жатырмыз», – деді Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева.

2026 жылы «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінде 570 биіктігі 4 метр және 33 биіктігі 6 метр тірек орнатылып, 7,9 шақырым сым тартылып, қуаты 60 Вт болатын 570 және 150 Вт болатын 33 жарықтандырғыш орнатылды.

Бұдан бөлек, ауданда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданның 32 көшесінде сыртқы жарықтандыру желілерін салу жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінде жұмыстар 15 көшеде аяқталып, 459 тірек пен 250 жарықдиодты шам орнатылған.

Жобаны толық аяқтау қазан айының соңына жоспарланған.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі