Қазақстан Олимпиаданың әрекеттегі чемпиондарымен тең түсті
Қазақстан әйелдер құрамасы 2024 жылғы шахмат Олимпиадасының жеңімпазы — Үндістан командасымен тең түсті. 8-тур кездесуі 2:2 есебімен аяқталды. Сегіз турдан кейін Қазақстан екінші орында тұр және көшбасшылық үшін күресті жалғастыруда, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.