10 қазанда Vietjet әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша рейстерді іске қосты. Бұл Алматы халықаралық әуежайының халықаралық маршруттық желісін кеңейтіп, Қазақстан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа арасындағы әуе қатынасын дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады. Алғашқы рейстің келуіне орай Алматы халықаралық әуежайы дәстүрлі су доғасы рәсімін ұйымдастырып, алғашқы рейспен келген жолаушыларды құшақ жая қарсы алды.
Жаңа Ханой – Алматы – Прага бағыты «әуе кеңістігінің бесінші еркіндігі» аясында орындалады. Бұл әуе компаниясына аралық қонуы бар халықаралық бағыт шеңберінде екі елдің арасында жолаушылар тасымалдауға мүмкіндік береді. Рейстер аптасына екі рет орындалады. Алматы мен Ханой арасындағы ұшу ұзақтығы шамамен 6 сағат 10 минутты, ал Алматы мен Прага арасындағы ұшу ұзақтығы шамамен 7 сағат 35 минутты құрайды.
Рейстер 377 жолаушыға арналған кең фюзеляжды Airbus A330-300 әуе кемелерімен орындалады.

Vietjet — Вьетнам мен Азия-Тынық мұхиты өңірінде кең маршруттық желіні дамытып келе жатқан, аймақтағы ең жылдам дамып жатқан әуе компанияларының бірі. Компания бәсекеге қабілетті тарифтерді жолаушыларға таңдау мүмкіндіктері мен жайлылық ұсынатын гибридті бизнес-модельді қолданады. Сонымен қатар операциялық тиімділік пен ұшу қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.
Vietjet Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) толыққанды мүшесі болып табылады және IOSA операциялық қауіпсіздік аудитінен өткенін растайтын сертификатқа ие. Компания бірнеше жылдан бері әлемдегі қауіпсіз әуе тасымалдаушыларының қатарында кіреді.
Алматы халықаралық әуежайы Азия мен Еуропаның негізгі қалаларымен әуе қатынасын кеңейте отырып, халықаралық маршруттық желісін дамытуды жалғастыруда. Ханой мен Прагаға рейстердің іске қосылуы жолаушылар тасымалы үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, туристік және іскерлік байланыстардың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар Алматының Орталық Азиядағы негізгі авиациялық тораптардың бірі ретіндегі позициясын нығайтады.