Тауар белгілерін қорғау және контрафактімен күрес: Алматының Әділет департаменті 2024 жылды қорытындылады
Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында тауар белгілерін қорғау және контрафактілік өніммен күрес саласындағы жұмыстарды қорытындылады. Спикерлер жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап өтті.