Алматыдан «Алтын-Емелге» дейінгі жол, тасжол, грейдер және жолсыз аумақ. Chery-дің Қазақстанда құрастырылған жаңа гибридтері осындай сынақтан өтіп, алыс сапардағы мүмкіндігін іс жүзінде көрсетті.
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі тағы бір маңызды қадам жасады. Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында шығарылған Chery TIGGO 7 PHEV және TIGGO 8 PHEV гибридті кроссоверлері алғаш рет ауқымды тест-драйвқа шықты.
Шамамен 700 шақырымға созылған маршрут Алматыдан «Алтын-Емел» ұлттық паркіндегі Айғайқұмға дейін барып, қайта оралды. Сапарға БАҚ өкілдері, блогерлер, авто сарапшылар және Chery клиенттері қатысты. Қатысушылар көліктерді тек тасжолда емес, грейдер жолы мен жолсыз аумақта да сынап көрді.
Тест-драйвтың басты мақсаты — Chery Super Hybrid технологиясының нақты жол жағдайындағы мүмкіндігін бағалау. Бесінші буындағы гибридті жүйемен жабдықталған TIGGO 7 PHEV және TIGGO 8 PHEV электр қуаты мен бензин қозғалтқышын тиімді үйлестіреді.
Қала ішінде көлік электр қуатымен жүруге мүмкіндік береді. Ал ұзақ сапар кезінде қажет болған жағдайда бензин қозғалтқышы автоматты түрде іске қосылып, қозғалысты жалғастырады.
Көліктерге CATL LFP аккумуляторлық батареясы орнатылған. Толық жанармай багымен бірге олардың жалпы жүріс қоры 1200 шақырымға дейін жетеді.
Бұл көрсеткіш сапар барысында да іс жүзінде тексерілді. Қатысушылар Алматыдан Айғайқұмға дейін барып, кері қайтқанда жанармай құюға тоқтамаған.
Автокөлік сарапшысы Тимур Мұстафаевтың айтуынша, көлік әртүрлі жол жағдайында өзін сенімді көрсеткен.
«Маршруттың бір бөлігін тасжолмен, екінші бөлігін жолсыз аумақта жүріп өттік. Осындай жағдайда да орташа жанармай шығыны 100 шақырымға шамамен 5 литр болды. Мұндай көлемдегі отбасылық кроссовер үшін бұл өте жақсы көрсеткіш», — деді Тимур Мұстафаев.
Тест-драйв кезінде ерекше назар аудартқан функциялардың бірі — V2L. Оның көмегімен автомобильді мобильді электр станциясы ретінде пайдалануға болады. Яғни табиғат аясында кофеқайнатқыш, тоңазытқыш, аэрогриль және басқа да электр құрылғыларын тікелей көліктен қуаттандыруға мүмкіндік бар.
Бұл мүмкіндік саяхат кезінде айрықша пайдалы. Әсіресе өркениеттен алыс жерде бірнеше күн демалуды ұнататындар үшін көлік тек қозғалыс құралы емес, энергия көзіне де айналады.
Тревел-блогер Влад Притуляк та ұзақ сапар кезіндегі көліктің динамикасы мен жайлылығын атап өтті.
«Ұзақ сапар барысында көлік қуаты мен басқарылуымен ерекше әсер қалдырды. Асфальтта да, грейдер жолда да өзін сенімді көрсетті. Табиғат аясында қажетті техниканы тікелей көліктен қуаттандыру мүмкіндігі саяхатшылар үшін үлкен артықшылық», — деді Влад Притуляк.
Сапар барысында көліктің техникалық мүмкіндіктерімен қатар, жолаушыларға арналған жайлылық та сыналды. Панорамалық шатыр, массаж функциясы бар орындықтар, салқындатқыш бокс және ойластырылған интерьер ұзақ жолды әлдеқайда жайлы етті.
Бұл модельдердің тағы бір ерекшелігі — олардың Қазақстанда өндірілген алғашқы жаңа энергия көзіндегі (NEV) автокөліктер қатарында болуы.
TIGGO 7 PHEV және TIGGO 8 PHEV модельдері Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында құрастырылып жатыр. Бұл отандық автомобиль өндірісінің технологиялық мүмкіндігін кеңейтіп, жаңа энергия көзіндегі көліктерді Қазақстанда шығаруға жол ашатын маңызды қадам.
Бүгінде Chery Қазақстандағы ең танымал автомобиль брендтерінің алғашқы бестігіне кіреді. Компания елімізде 2021 жылдан бері ресми түрде жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық клиенттерге 54 мыңнан астам автокөлік жеткізілді. Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында брендтің сатылымы тағы 11 пайызға өскен.
Жаңа гибридті модельдердің нарыққа шығуы — Chery-дің Қазақстандағы дамуының жаңа кезеңі. Сонымен қатар бұл Astana Motors-тың өндірістік әлеуетін және елімізде заманауи автомобиль технологияларын игеру мүмкіндігін тағы бір мәрте көрсетеді.
Бүгінде Chery TIGGO 7 PHEV және TIGGO 8 PHEV Қазақстан бойынша 25 ресми дилерлік орталықта сатылымда.
Үлкен жүріс қоры, үнемді жанармай шығыны, электр қуатымен жүру мүмкіндігі, жоғары жайлылық және V2L функциясы жаңа гибридтерді тек қалаға емес, ұзақ сапар мен табиғат аясындағы демалысқа да бейім көлік ретінде көрсетіп отыр.
Ал 700 шақырымдық тест-драйв бір нәрсені нақты көрсетті: Қазақстанда шығарылған жаңа буын гибридтері жолдың жайын сырттай бақылап қана қоймай, оны іс жүзінде сынап көрді.
Назира Бурханова
Фотограф Алмаз Толеке