Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы 29 шілдеде өтеді. Байқауға 80-ге жуық алматылық компания өтінім берді.

Дәстүр бойынша мынадай үш номинация бойынша үздік тауар өндірушілер таңдалады:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»,
  • «Халыққа арналған үздік тауарлар тауарлар»,
  • «Үздік азық-түлік тауарлары».

Әр номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады.

 Өңірлік іріктеудің жеңімпаздары жылдың соңында ҚР Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысады.

Көрме-байқау қонақтарына концерттік бағдарлама және бағалы сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, байқауда алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы аясында жергілікті шикізаттан өндірілген «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың өнімдері ұсынылатын болады. Алматының үздік қолөнершілері этно стиліндегі топтамалар, қыш, металл, киіз және жібектен жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар мен кәдесыйларды көпшілік назарына ұсынады.

 «Бір ауыл – бір өнім» жобасы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде құрылған «Мен кәсіпкер» бағдарламасының құрауышы.