21 маусым күні Алматыда аты аңызға айналған музыкант, «Кино» тобының көшбасшысы Виктор Цойдың туған күніне арналған еске алу концерті өтеді.

Музыкалық кеш MOTOR CLUB алаңында ұйымдастырылып, Виктор Цой шығармашылығының жанкүйерлерін, жанды рок музыкасын және авторлық өнерді сүйетін қауымды бір арнаға тоғыстырады. Іс-шараны КИНЭС рекордтар кітабының рекорд иелері Асем Копбаева (КИНЭС-2009), Бердалы Оспан (КИНЭС-2024) және Асылтай Әбдікәрім (КИНЭС-2025) ұйымдастырып отыр.

Кеш барысында сахнада келесі музыкалық ұжымдар өнер көрсетеді:

  • ZHEME — авторлық әндер мен әйгілі Radiohead тобының шығармаларына арналған трибьют бағдарламасы;
  • TENGRI.BAND — көне қазақ күйлері мен заманауи аранжировкаларды үйлестіретін жоба;
  • «Точка Немо» — шынайы мәтіндерімен, қуатты энергетикасымен және жанды орындауымен танылған рок-топ;
  • KINOMANY.BAND — «Кино» тобының әйгілі әндерін қазақ және орыс тілдерінде жанды дауыста орындайтын трибьют-жоба.

Кештің арнайы қонақтары ретінде «Игла» фильмінің режиссері Рашид Нұғманов, актер Архимед Мыңбаев және белгілі қазақстандық музыкант әрі әнші Ғалымжан Молданазар қатысады.

Концерт 21 маусым күні Алматы қаласындағы MOTOR CLUB алаңында (Назарбаев көшесі, 50) өтеді. Басталуы — сағат 18:00.

Билет құны — 5000 теңге. Орын саны шектеулі.

Жеңілдікпен билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.