Чемпиондар лигасының «Сутьеска» (Черногория) командасына қарсы өтетін екінші квалификациялық матчы қарсаңында — 14 шілде күні Freedom Кино мен ТВ платформасында қазақстандық футболдың еуропалық аренадағы символына айналған команда туралы эксклюзивті деректі жобаның жаңа бөлімі жарық көреді.

Freedom Кино мен ТВ «Қайрат ФК» деректі сериалының екінші бөлімі шыққанын хабарлайды. Жоба клубтың Чемпиондар лигасындағы жолын іштен қалай бар, солай көрсетеді: шынайы әрі цензурасыз.

Екінші бөлімде «Қайрат» еурокубок маусымын бастап, Португалияға «Спортингке» қарсы ойынға жол тартады. Бірақ сапар жоспарланған тактикадан емес, күтпеген сынақтан бастау алады: қақпашы Темірлан Анарбеков жарақат алып, бапкерлерге дайындық үстінде шұғыл шешім шығаруға тура келеді — қақпаны Шерхан Қалмырза қорғайтын болады.

Команданың бүкіл ел алдында үлкен жауапкершілікті қалай еңсергені камераға анық түскен. Енді алда отандық футбол тарихына енетін үлкен матч — әлемнің ең мықты клубы «Реал Мадридпен» кездесу тұр. Фильм авторлары «Қайрат» академиясының жас ойыншылары мен бапкерлерінің миллиондаған көрермен көз тіккен сәтте еуропалық деңгейдегі сынаққа қалай қарсы тұрғанын көрсетеді. Жоба деректері бойынша, клуб туралы хабарлар мен көрсетілімдердің жалпы қаралымы 1 миллиардтан асып кеткен.

«Қайрат ФК» деректі сериалының екінші бөлімі 14 шілдеден бастап сағат 18:00-де тек Freedom Кино мен ТВ платформасында қолжетімді болады. 

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» ФК биылғы еурокубок маусымын сәтті бастады. Алматыдағы Орталық стадионда өткен бірінші ойында олар Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Енді Чемпиондар лигасының қарымта матчы Черногорияның Никшич қаласында өтеді. «Қайратқа» келесі іріктеу кезеңіне жолдама алу үшін бұл кездесуді тең нәтижемен аяқтау да жеткілікті. 

Ойын көрсетілімі тек Freedom SuperApp ішіндегі Кино мен ТВ бөлімінде эксклюзивті түрде қолжетімді болады. Трансляцияны тамашалау үшін — freedombank.onelink.me 

1-бөлімін Kairat TV және Freedom Originals YouTube арналарынан көруге болады.

Бірінші бөлімді көру: