Алматы қаласында «Kids Face» Model Agency агенттігінің халықаралық ынтымақтастығын дамытуға, қазақстандық жас модельдердің шетелдік fashion-жобаларға қатысуына және олардың әлемдік сән индустриясында танылуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, fashion-индустрия мамандары, агенттіктің серіктестері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Кездесу барысында «Kids Face» агенттігінің халықаралық жобалары, тәрбиеленушілерінің жетістіктері және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жоспарлары таныстырылды.

Баспасөз конференциясының құрметті қонағы – әлемге әйгілі түркиялық дизайнер Hakan Akkaya болды. Ол – New York Fashion Week сән апталығының тұрақты қатысушысы әрі Lady Gaga, Madonna, P!nk және басқа да әлемдік жұлдыздарға арналған сахналық образдардың авторы. Дизайнер Қазақстанға «Kids Face» Model Agency агенттігінің шақыруымен келіп, шығармашылық кездесулер өткізу, кәсіби фототүсірілімге қатысу және қазақстандық fashion-индустриямен ұзақ мерзімді серіктестіктің мүмкіндіктерін талқылады.

Баспасөз конференциясындағы басты жаңалықтардың бірі – желтоқсан айында өтетін жаңа халықаралық *"Kids Face Fashion Show" жобасына дайындықтың басталғаны болды. Агенттік директоры Айда Тұрдынның айтуынша, Hakan Akkaya шығармашылық жолында алғаш рет дәл осы көрсетілім үшін эксклюзивті балалар топтамасын әзірлейді.

Айда Тұрдынның сөзінше, дизайнердің Қазақстанға келудегі негізгі мақсаты – болашақ топтаманың тұжырымдамасын талқылау, шығармашылық серіктестіктің бағыттарын айқындау және желтоқсан айындағы сән көрсетіліміне дайындық жұмыстарын бастау. Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп, бұл халықаралық әріптестікті жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадамға айналды. Сонымен қатар, бұл бастама қазақстандық жас модельдердің әлемдік fashion-жобаларға қатысуына тың мүмкіндіктер ашады.

Баспасөз конференциясында Аблайхан Адель *IPA China* халықаралық байқауында Қазақстан Республикасының ресми өкілі ретінде таныстырылды. Ол дәл осы мәртебеде Қытайда өтетін халықаралық байқауда еліміздің намысын қорғайды.

Сонымен қатар, халықаралық конкурсқа «Kids Face» Model Agency агенттігінің тағы үш тәрбиеленушісі – Қанат Томирис, Божкова София және Елеуова Сафина қатысады. Жас модельдер өздерінің жоғары кәсіби дайындықтарын, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, Қазақстанды халықаралық сән сахнасында лайықты деңгейде таныстырады.

Қазақстандық модельдердің халықаралық байқауға қатысу мүмкіндігі агенттіктің "Kids Face Fashion Show" жобасындағы табысты жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. Дәл осы сән көрсетілімінде Малайзиядағы модельдік агенттіктің өкілі Мелинда Ли тәрбиеленушілердің кәсіби дайындығы мен шығармашылық әлеуетін жоғары бағалап, оларды халықаралық жобаларға қатысуға шақырды.

Баспасөз конференциясы барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ұйымдастырушылар мен халықаралық қонақтарға өз сауалдарын қойып, агенттіктің даму стратегиясы, халықаралық ынтымақтастық бағыттары және қазақстандық модельдік индустрияны әлемдік кәсіби қауымдастыққа интеграциялау мүмкіндіктері жөнінде кеңінен ақпарат алды.

Бүгінде «Kids Face» Model Agency халықаралық байланыстарын жүйелі түрде нығайтып келеді. Агенттік жас қазақстандық модельдерге кәсіби тұрғыда дамуға, әлемдік деңгейдегі беделді жобаларға қатысуға және Қазақстанды халықаралық сән аренасында лайықты танытуға нақты мүмкіндіктер жасап отыр.

Әрбір жаңа жоба – қазақстандық жас таланттардың әлемдік сән индустриясындағы орнын айқындайтын маңызды қадам. Ал Hakan Akkaya секілді әлемге танымал дизайнермен серіктестік «Kids Face» тәрбиеленушілері үшін халықаралық деңгейдегі жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады.

«Kids Face» Model Agency агенттігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, серіктестеріне, құрметті қонақтарына және іс-шараға қатысқан барша жанға қолдауы мен қызығушылығы үшін шынайы алғысын білдіреді. Алда агенттікті жаңа халықаралық жобалар, әлемдік fashion-индустрияның жетекші өкілдерімен бірлескен жұмыстар және қазақстандық жас модельдердің жаңа жетістіктері күтіп тұр.

Назира Бурханова