Жақында Алматыдағы Satai Park Almaty алаңында CAYEN ENTERTAINMENT ұйымдастырған MET GALA стиліндегі зайырлы кеш өтті. Шараға блогерлер, медиа өкілдері және қала қонақтары жиналды.
Кештің басты идеясы — қонақтардың өз даралығын образ арқылы көрсетуі. Сондықтан сәнді киімдермен қатар, визуалды безендіру мен атмосфера да кештің маңызды бөлігіне айналды.
Бағдарлама welcome-аймақтан басталды: қонақтар суретке түсіп, танысып, еркін әңгімелесті. Кейін фуршет ұсынылып, шоу, байқаулар мен интерактивтер жалғасты.
Кештің ерекшелігі — әлеуметтік желі арқылы ғана таныс түрлі сала өкілдерінің бір кеңістікте жүздесуі. Қонақтар жаңа байланыстар орнатып, контент жасап, кештің сәнді атмосферасын бөлісті.

Негізгі бөлімнен кейін шара afterparty форматында жалғасты. Музыка, би және еркін қарым-қатынас кешке бейресми ырғақ беріп, қонақтарға мерекені жалғастыруға мүмкіндік жасады.
Мұндай іс-шаралар Алматының заманауи зайырлы және digital-мәдениетінің бір бөлігіне айналып келеді. Мұнда тек бағдарлама емес, визуал, атмосфера және әр қонақтың ортақ оқиғаның бір бөлігіне айналуы маңызды.
Кешті CAYEN ENTERTAINMENT ұйымдастырды.
Назира Бурханова