Freedom Кино мен ТВ-да «Сүлеймен Сұлтан» сериалы қазақ тілінде шықты
Freedom Кино мен ТВ онлайн-кинотеатры әлемге танымал әрі көрерменнің ықыласына бөленген «Сүлеймен Сұлтан» түрік сериалының қазақша нұсқасын ұсынды. Қазақ тіліндегі дыбыстауда туынды «Сүлеймен Сұлтан» деп аталады. Осылайша, әлемге танымал ең үздік тарихи драмалардың бірі тұңғыш рет видеостриминг сервисінде қазақ тілінде сөйледі. Эксклюзивті жоба тек Freedom Кино мен ТВ көрермендеріне ғана қолжетімді.