«HomeTech & Electra 2024» электроника және тұрмыстық техниканың халықаралық көрмесі
Алматыда «Атакент» орталығында «HomeTech & Electra 2024» электроника және тұрмыстық техниканың халықаралық көрмесі өтіп жатыр. 30 шілдеде жұмысын бастаған үш күндік көрме тамыздың 1-де кешкі сағат 16.00-ге дейін жалғасады. Алғашқы күні 2,5 мыңнан астам адам қатысты.