Алматыда Shai isheik Food Fest (by «Вкусная Алма-Ата») тағамдар фестивалі басталды
Алматының Абай атындағы ҚазҰОБТ алаңында Shai isheik Food Fest (by «Вкусная Алма-Ата») гастрономиялық тағамдар фестивалі өтіп жатыр. Shai isheik – Алматының туған күніне арналған мерекелік шараларды аяқтайды. Аумақта ересектерге арналған шеберлік сабақтары, ең кішкентай қонақтарға арналған аниматорлары бар ойын алаңдары, фуд-корт, жарыс алаңдары, ашық аспан астындағы кинотеатр, мерекелік дастарханға, ойын-сауыққа арналған алаңдар, шағын концерт алаңдары, фотоаймақтар және т.б. бар.