HONOR ғаламдық технологиялық бренді әйгілі X сериясының соңғы қосымшасы болып табылатын жаңа HONOR X9b смартфонының сатыла басталғанын хабарлады.

Жаңа өнімнің басты артықшылығы – оның сынбайтын экраны. Құрылғы тіпті ең қатты беттерге құлағандағы соққыларға төтеп бере алады. Соққыға төзімді технология HONOR-ға әлемде бірінші болып швейцариялық SGS компаниясының бес жұлдызды сертификатын алуға мүмкіндік берді.

Джонибек Вэй, HONOR-дың Қазақстандағы аймақтық директоры:

«Біздің инновациялар шекарасын кеңейтуге және тұтынушыларымызға бірегей пайдаланушы тәжірибесін ұсынуға деген ұмтылысымызды көрсететін HONOR X9b смартфонын таныстыруға қуаныштымыз. Соққыға төзімді, бірақ өте айқын дисплей мен қуатты камераның арқасында HONOR X9b өз бағасы сегментіндегі ең жақсы смартфон болып табылады.

 

HONOR X9b 2

Көзді шаршатпайтын флагмандық экран

HONOR X9b диагоналы 6,78 дюйм және ажыратамыдылығы 1200×2652 AMOLED экранымен жабдықталған. 120 Гц жаңарту жиілігімен өндіруші өте анық бөлшектер мен түстерге бай  кескін мен суретке кепілдік береді. HONOR X9b көзді қорғаудың бірқатар мүмкіндіктерін, соның ішінде жиілігі 1920 Гц ЕИМ-реттеуішті, көк жарықтың төменгі деңгейін және жарықтың динамикалық реттеуішін ұсынады. Бұл сипаттамалар смартфон экрандарының алдында көп уақыт өткізетін заманауи буынның қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Еліктіргіш фотосуретке түсіруге арналған үш камералық жүйе

HONOR X9b камераларының негізгі бөлігі үш: тұрақты пайдалануға арналған 108-мегапиксельден (f/1,75), шолу бұрышы 100° кең бұрышты түсірілімге арналған 5 мегапиксельден (f/2,2) және фокустық қашықтығы 4 см 2 мегапиксельді макрообъективтен (f/2,4) тұрады. Сонымен қатар, камера 3 еселік оптикалық зуммен және қозғалысты түсіру функциясымен жабдықталған. Бұл қиын дала жағдайында да көптеген бөлшектерден тұратын анық түсірілімдер жасауға мүмкіндік береді.

Алдыңғы камерасының ажыратымдылығы 16 Мп (f/2,45). Ол жоғары сапалы селфи жасауға да, ажыратымдылығы жоғары бейне қоңыраулар шалуға да өте ыңғайлы.

HONOR X9b

Өнімділігінің озық сипаттамалары

Бір рет қуаттаудан кейінгі 3 күн бойы үздіксіз жұмыс сыйымдылығы сағ./5800 мА батареямен қамтамасыз етіледі. 35 Вт жылдам қуаттауға арналған қуат беру блогы құрылғымен бірге жеткізіледі. HONOR-да батареяның ұзаққа жарамдылығына ерекше көңіл бөлінген: 1000 қуаттау циклінен кейін де ол өзінің сыйымдылығының 80% сақтайды. Бұл оны нарықтағы ең сенімді аккумуляторлардың біріне айналдырады.

HONOR X9b Qualcomm Snapdragon 6 Gen 1 өндіргіш процессорымен жабдықталған. Жедел жад – 12 ГБ, RAM Turbo кеңейту технологиясының арқасында 20 ГБ-қа дейін артады. Смартфонның тұрақты жад көлемі 256 ГБ құрайды. HONOR X9b Android 13 негізіндегі ең жаңа MagicOS 7.2 операциялық жүйесінде жұмыс істейді және барлық Google қызметтеріне шектеусіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, смартфон NFC чипімен және Bluetooth 5.1. модулімен жабдықталған.

Теңдессіз кепілдік

HONOR X9b-дің бірінші сатып алушыларына бұрын-соңды болмаған кепілдік шарттары ұсынылған: сатып алған күннен бастап 6 ай ішінде зақымдалған экран тегін ауыстырылады, сондай-ақ негізгі мерзімнен кейін құрылғыға тағы алты ай кепілдік беріледі.

HONOR X9b

Баға және қолжетімділік

HONOR X9b смартфоны үш түсте ұсынылады: Марокколық қызғылт сары, Зүмірет жасыл және Түндей қара. 8 ГБ + 256 ГБ нұсқасының бағасы 179 990 теңге, ал жад конфигурациясы 12 ГБ + 512 ГБ смартфон 199 990 теңгеге қолжетімді. Жаңа HONOR X9b Mechta.kz, Technodom, Evrika, Sulpak, DNS, Vokk және Fora желілерінде қолжетімді.