Қазақстанның мемлекеттік және медиа ұйымдарының 13 жетекші өкілдері Huawei Women in Tech жаһандық бағдарламасына қатысу аясында Huawei компаниясының Қытайдағы штаб-пәтерінде сапармен болды. Бұл бастама технология саласындағы әйелдерді қолдауға және шабыттандыруға, сондай-ақ олардың көшбасшылығы мен кәсіби дамуына ықпал етуге бағытталған.

Women in Tech жаһандық бастамасына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі Асель Молдабекова, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының өкілдері Лаура Наубеджанова, Татьяна Сафарова және Булбул Суранчиева, Google Women Тechmakers бағдарламасының сертификатталған жоба менеджері және амбассадоры Жаркын Щеглова, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілі Нургуль Искакова, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының өкілдері Акмарал Кенжекулова мен Альнура Молдабекова, Astana hub атқарушы кеңсесінің директоры Азиза Кудабаева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілі Айганым Айганбекова, Цифрлық даму министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Аяжан Муканова, сондай-ақ Мanshuq әйелдерге арналған медиа-басылымның негізін қалаушы және баспагері Аруна Амзе және ER10 Media негізін қалаушысы және CEO Эльнора Розмухамедова қатысты.

Women in Tech бағдарламасын Huawei компаниясы 2020 жылы іске қосты және аталмыш бағдарлама халықаралық деңгейде өзінің әлеуетін көрсетіп, аз ғана уақыт ішінде әйелдердің технология саласындағы рөлін нығайтуға арналған жаһандық платформаға айналды. Бағдарлама компанияның гендерлік теңдікті ынталандыру және әйелдерді технологиялық салаға толыққанды енгізу стратегиясының бөлігіне айналды.

Биыл Қазақстанда іске қосылған Women in Tech бағдарламасы технология саласындағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың АКТ секторына қатысуын ынталандыруға және елде неғұрлым инклюзивті цифрлық экожүйені құруға бағытталған. Бағдарлама аясында Huawei тренингтер, семинарлар, тәлімгерлік бағдарламалары, сондай-ақ олардың мансаптық өрлеуін қолдауға бағытталған тағылымдамалар мен конкурстар сияқты түрлі білім беру іс-шараларын өткізеді.

«Huawei компаниясы әйелдердің технологиялық индустрияны дамытуда маңызды рөл атқаратынына сенеді және оларға өз әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді беруге тырысады. АКТ саласындағы әйелдер көшбасшылығын қолдау және ілгерілету – бұл біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз ғана емес, сонымен бірге үйлесімді болашаққа салып отырған инвестициямыз. Huawei Women in Tech бағдарламасына қатысу қазақстандық әйелдерге АКТ саласында одан да үлкен табысқа жетуге және елдің дамуына зор үлес қосуға ықпал ететініне сенімдімін», - Вики Чжан, Huawei корпоративтік коммуникациялар департаментінің вице-президенті.  

Сапар барысында Huawei Women in Tech бағдарламасының Қазақстандық өкілдері Шэньчжэньдегі Huawei бас кеңсесіне барды, онда оларға компанияның тарихымен, оның өнімдері мен шешімдерімен, сондай-ақ АКТ саласындағы озық әзірлемелермен танысуға мүмкіндік туды. Бастамаға қатысушылар сонымен қатар Huawei компаниясының жетекші мамандарымен кездесулер өткізіп, гендерлік теңдік пен технологиядағы әйелдерді қолдауға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

 

Women in Tech 2

Қазақстандық делегация сонымен қатар Соншан көлінің жағасындағы Huawei зерттеу орталығына және Дунгуандағы киберқауіпсіздік, ашықтық пен құпиялылықты қорғаудың ең үлкен жаһандық орталығына баруға мүмкіндік алды. Онда жаңа технологияларды әзірлеу үдерісімен танысып, компанияның өз өнімдері мен шешімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ауқымды әрекеттері туралы ақпарат алды.  

Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар Қытайға сапар барысында қытай халқының бай мәдениеті мен дәстүрін жақынырақ білу үшін әртүрлі мәдени және тарихи көрнекі жерлерге барды. Олар сондай-ақ технологиялық индустриядағы әйелдерді қолдауға және олардың инновациялық процестерге белсенді қатысуына бағытталған талқылаулар мен шеберлік сабақтарына қатысты.

Бағдарлама қатысушыларының пікірінше, Huawei бас кеңсесіне іс-сапармен бару әйелдердің заманауи технологиялық процестердегі рөлін тереңірек түсінуге және осы саладағы әртүрлі елдер мен ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін бірегей тәжірибе болды.

«Мен Huawei Women in Tech бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. Huawei-дің озық технологияларымен танысып қана қоймай, әлемді жақсы жаққа өзгертетін нәзік жандылардың жаһандық қауымдастығының бір бөлігі ретінде өзін сезінудің бірегей мүмкіндігі деп білемін. Мұндай бастамалардың біздің индустриямызда тең мүмкіндіктер жасау үшін зор маңызы бар екеніне сенімдімін», - деп бөлісті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі Асель Молдабекова.

Қазақстанда Huawei Women in Tech бағдарламасын іске қосу еліміздің IT саласындағы гендерлік теңдікті қолдау ісіндегі маңызды қадам болып табылады. Оқыту, тәлімгерлік және мансаптық өсуге жәрдемдесу арқылы Huawei компаниясы технологиялық индустрияны барлығына қолжетімді және инклюзивті етуге ұмтылады.