Қазақстанда бірнеше минуттың ішінде интерьердің жекелендірілген дизайн-жобаларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін AI-қосымшасы таныстырылды. Бұл қосымша жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалана отырып, кеңістіктің параметрлерін, пайдаланушының жеке қалауы мен жергілікті нарықтағы қолжетімді материалдарды ескере отырып, 3D-визуализацияларды автоматты түрде жасайды.
Жаңа әзірлеменің таныстырылымы 10 ақпанда Алматы қаласында өткен «Құрылыс пен дизайндағы AI» практикалық конференциясы аясында өтті. Іс-шара құрылыс компанияларының, жиһаз брендтерінің, интерьер материалдарын жеткізушілердің және IT-қоғамдастықтың өкілдерін біріктірді. Негізінде мамандар Қазақстандағы құрылыс нарығының тұрақты өсімін атап өтеді: елде жыл сайын тұрғын үйдің едәуір көлемі пайдалануға беріледі, ал құрылыс материалдары мен жиһаз нарығы жылына орта есеппен 5-7% өсім көрсетуде. Осындай жағдайда нарық қатысушыларына шешім қабылдаудың жылдам әрі дәл құралдары қажет, бұл құрылыс пен дизайн саласындағы AI-шешімдерге деген сұранысты арттырады.
Конференция аясында цифрлық өнім – интерьер дизайнын, материалдар мен жиһазды жедел таңдауға арналған, шынайы визуализациясы бар AI-сервис «Вижу Дом» қосымшасы таныстырылды. Өнім компьютерлік көру және машиналық оқыту технологияларына негізделген: пайдаланушыға смартфон камерасы арқылы бөлмені сканерлеу жеткілікті, содан кейін жүйе пайдаланушының өмір салты мен кеңістікке қойылатын талаптарды ескере отырып, визуалды нәтиже қалыптастырады.
Шешім жөндеу жұмыстары басталмай тұрып интерьердің соңғы көрінісін алдын ала көруге, келісу процестерін жеделдетуге және түзетулер санын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Сервисті пайдалану уақыт пен бюджетті үнемдеуге көмектесіп, нарықта екі айдан төрт айға дейін созылуы мүмкін дизайн-жобаларды әзірлеудің ұзақ циклдеріне тәуелділікті азайтады.
Өнім корпоративтік пайдаланушыларға, құрылыс компанияларына және интерьерлік шешімдер жеткізушілеріне, сондай-ақ есептердің ашықтығы, шешім қабылдаудың жылдамдығы және бюджетті бақылау маңызды болып табылатын жеке клиенттерге арналған.
- Біздің деректерімізге сәйкес, бүгінде клиенттердің 65%-дан астамы құрылыс пен интерьер шешімдерін смартфон арқылы іздейді. Сондықтан бизнес үшін таңдаудан шешім қабылдауға дейінгі жолды қысқартатын цифрлық құралдарды ұсыну маңызды. “Вижу Дом” жобасы келісу процестерін жеделдетуге, шығындарды азайтуға және клиенттермен өзара әрекеттесуді барынша ашық етуге көмектеседі, – деп атап өтті «Вижу Дом» жобасының негізін қалаушылары Антон Кузьминых пен Элеонора Калинина.
Оған қоса қатысушыларға 2026 жылдың негізгі AI және digital трендтері де таныстырылды – AI- агенттері сатудың жаңа арнасы ретінде пайда болуы мен генеративті жасанды интеллекттің брендтер үшін креативті серіктеске айналуы. Цифрлық маркетинг саласының сарапшысы Геннадий Захаров визуалды технологиялардың, қысқа видеолардың және пайдаланушы тәжірибесін автоматтандырудың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Ол мұндай шешімдер қазірдің өзінде жылжымайтын мүлік, дизайн және маркетинг нарықтарын өзгертіп жатқанын