Қауіпсіз интернет күніне орай қысқа бейнероликтерге арналған жетекші платформа — TikTok — Қауымдастық ережелерінің сақталуы бойынша жаңа деректерін жариялады. Платформа пайдаланушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы цифрлық орта қалыптастыруды басты басымдық ретінде қарастырып, тәулік бойы жұмыс істейтін модерация жүйесін жетілдіруді жалғастыруда.
Ережелерді бұзатын контент шағымдар негізінде де, сондай-ақ алдын ала анықтау арқылы да жойылады.
Әлемдік көрсеткіштер: 2025 жылдың үшінші тоқсаны
Қауымдастық ережелерінің орындалуы жөніндегі есепке сәйкес, 2025 жылдың үшінші тоқсанында әлем бойынша:
-
200 миллионнан астам бейнеролик жойылған;
-
контенттің 99,3%-ы пайдаланушылар шағым түсірмей тұрып, проактивті түрде өшірілген;
-
видеолардың 94,8%-ы жарияланғаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде жойылған.
LIVE-трансляциялар қауіпсіздігіне басымдық
Тікелей эфир форматы авторлар мен аудитория арасындағы байланысты нығайтып келеді. Осыған байланысты платформа LIVE-трансляциялар қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.
2025 жылдың үшінші тоқсанында Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін әлем бойынша 32 миллионнан астам LIVE-трансляция бұғатталған.
Сонымен қатар платформа тікелей эфирлерді монетизациялау талаптарының сақталуы туралы деректерді жариялауды жалғастыруда. Алдымен авторларға ескерту жасалып, контентті түзетуге мүмкіндік беріледі. Қайталанған бұзушылықтар кезінде монетизация құралдарына қолжетімділік шектелуі мүмкін.
2025 жылдың екінші тоқсанында монетизация ережелерін бұзған 2 321 813 трансляция мен 1 040 356 аккаунтқа қатысты шаралар қабылданды. Үшінші тоқсанда бұл көрсеткіштер айтарлықтай өсті:
-
3 914 684 тікелей эфирге (+69%) шара қолданылған;
-
2 107 177 аккаунтқа шектеу енгізілген (екі еседен астам өсім).
Бұл деректер платформа тарапынан LIVE-форматтағы қауіпсіздік талаптарының күшейтіліп жатқанын көрсетеді.
Қазақстандағы көрсеткіштер
2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстан аумағында:
-
1 567 613 бейнеролик Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін жойылған;
-
олардың 99,7%-ы проактивті түрде, яғни шағым түспей тұрып өшірілген;
-
94,8%-ы жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылған — бұл әлемдік орташа деңгейден жоғары көрсеткіш.
Салыстыру үшін: 2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда 1,4 миллионнан астам бейнеролик жойылған болатын.
Жарияланған мәліметтер платформа қауіпсіздік стандарттарын жаһандық деңгейде де, Қазақстанда да жүйелі түрде күшейтіп отырғанын айғақтайды.